Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қатты жаңбыр жауады: Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді

ауа райы жауын
Фото: magnific.com

Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметтері күшейтілген кезекшілікке көшті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

5 қазанға қараған түні қатты жаңбыр жауып, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді деген болжам бар. 

“4 қазан сағат 21:00-ден кейін жаңбыр басталып, түн ортасынан кейін жауын-шашын күшейеді. Кей уақыттарда жауын-шашын мөлшері 15-20 мм-ге жетуі мүмкін. Таңертең жаңбыр бәсеңдеп, 5 қазан түске дейін тоқтауы мүмкін”, – деп хабарлайды "Қазгидромет".

Қаланы су басудың алдын алу үшін 70 мобильді бригада кезекшілік етеді. Дайындықта 337 арнайы техника, 103 мотопомпа және 2,4 мың құм салынған қап бар. Жұмысқа 717 маман тартылды.
 

Айым Болатқызы
Жексенбі, 04 Қазан, 2026 20:23