Талдықорғанда ер адам баласы жылағаны үшін әйелін ұрып, көршілерін қорқытқан
2 қазан күні Талдықорғанда ер адам бір жасар баланың жылағанына ашуланып, өз әйелін ұрып, көршілеріне қоқан-лоқы көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ерлі-зайыпты арасындағы жанжалға бір жасар баласының мазасызданып, жылағаны себеп болған.
Ер адам әйелін ұрып-соғып, көмекке келген көршілерін суық қарумен қорқытқан және олардың соңынан жүгірген деген болжам бар.
Жетісу облысы Полиция департаментінің мәліметінше, әйел сол күні полицияға жүгініп, күйеуінің өзіне дене жарақатын салғанын және қорқытқанын айтқан.
“Бұған дейін жәбірленушіден ешқандай шағым түспеген. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді полиция.

Жәбірленуші әйел мен бір жасар бала қажетті көмек пен қолдау алу үшін дағдарыс орталығына орналастырылды.
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті
Тізімнің алғашқы төрттігіне Қуандық Бишімбаев, Самат Әбіш, Марат Бекетаев пен Дәулет Ерғожин енген
"Күйсандық", "қылтима", "үнқағаз": Тоқаев күмән келтірген қазақша аудармалар қаншалықты сәтті
Мамандар қазақ тіліндегі барлық кірме сөзге міндетті түрде балама табу қажет деген пікірмен келіспейді