Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық бірінші сынып оқушыларының оқу бағдарламасы жаңарады

бірінші сынып оқушы оқу бағдарламасы
Фото: kz24.news

Қазақстанда бірінші сыныпқа арналған оқу бағдарламаларының мазмұны жаңартылды. Өзгерістер тілдік пәндерді, әліппеге дейінгі кезеңнің ұзақтығын және мектепте алғаш рет қазақ тілінде білім ала бастаған балаларды оқыту тәсілдерін қамтиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныбына арналған оқу бағдарламасына енгізілген өзгерістер туралы айтты.

“Тілдік пәндердің мазмұны жаңартылды. Әліппеге дейінгі кезең 12 сағатқа ұзартылып, "Әліппе" пәнін оқытуға 84 сағат бөлінді. "Ана тілі" пәні бірінші сыныптың екінші жартыжылдығынан бастап оқытылады. Сонымен қатар қазақ тілінде алғаш рет білім ала бастаған балалар үшін арнайы тілдік бейімдеу бағдарламасы енгізіледі”, – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Министрліктегілердің айтуынша, бастауыш мектептегі оқу мазмұнын жаңартудың негізгі мақсаты:

  • Оқу материалдарының сабақтастығын қамтамасыз ету;
  • Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін күрделі тақырыптарды оңтайландыру;
  • Оқу, жазу, математикалық және функционалдық сауаттылықтың берік негізін қалыптастыру.

Бұл бағдарламамен балалар 2026 жылы 50%-ға, 2027 жылы 89%-ға, ал 2028 жылы 100% қамтылмақ.

Ведомствоның хабарлауынша, жаңартылған оқу бағдарламаларын іске асыру нәтижесінде математика және тілдік пәндер бойынша білім сапасын 2027 жылы 15 %-ға, ал 2028 жылдың қорытындысы бойынша 35 %-ға арттыру көзделіп отыр.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 04 Қазан, 2026 16:23