АҚШ елшілігі санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтты
АҚШ дипломатиялық миссиясының баспасөз қызметінде Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Украинадағы жағдай жылдам өзгеруде, сондықтан ұзақ уақытқа қабылданатын шаралар мен олардың салдары туралы айту қиын. Бірақ, айта кету керек, АҚШ санкциялары Ресей экономикасына бағытталған, әрі Қазақстан және өзге де мемлекеттердің экономикасына әсерін азайту үшін арнайы жасалған.
Сондай-ақ Қазақстанмен 30 жыл серіктес болғандықтан, оның экономикасын нығайтуда көмектесуіміз керек", - деді АҚШ елшілігіндегілер.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбритания елшісі Қазақстанға қарсы санкция енгізу ұсынысына қатысты пікір білдірген еді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"