Ақмолалық тауар өндірушілері астаналық жәрмеңкеге қатысады
Еліміздің бас қаласына жақын орналасқан Ақмола облысы тек өңір тұрғындарын ғана емес, елорда тұрғындарын да азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етеді.
Азық – түлік белдеуін дамыту аясында 300 шақырымдық аймақ анықталды, оған облыстың 17 ауданы кірді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Азық-түлік жәрмеңкелерін өткізу - елорда тұрғындарына қолайлы бағамен жергілікті өнімдерге қол жеткізу арналарының бірі болып табылады.
Осындай мақсатпен 30-31 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер өз өнімдерін ұсынады.
Елорда қонақтары мен тұрғындары үшін жергілікті өндірістің 50-ден астам азық-түлік түрлері қолжетімді болады. Әр түрлі экологиялық таза ассортимент: көкөністер, жемістер, сүт өнімдері, ет өнімдері және басқа да көптеген өнімдер елордалық сөрелерде нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен сатылады.
"Облыс аграршылары 123 тонна ет және шұжық өнімдерін, 50 тонна сүт және сүт өнімдерін, 8 тонна жаңа балық, 394 мың дана жұмыртқа, 13 тоннадан астам ұн, 164 тонна картоп, 54 тонна көкөніс, 3 тоннадан астам кондитерлік және нан - тоқаш өнімдерін және 3 тонна басқа да бакалея өнімдерін әкеледі", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы басқармасы.
Айта кетейік, облыстық ведомствоның мәліметінше, жәрмеңкеге 460 тоннадан астам өнім ұсынатын екі жүз саудагер қатысады.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
