Ақмола облысында 6 жасар баланы өз иті талап өлтірді
Ақмола облысында 6 жасар баланы өз иті талап өлтірді. Ит баланың отбасына тиесілі болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады, облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 1 наурызда сағат 15:00 шамасында Целиноград ауданының Қажымұқан ауылында болған.
Бала өз ауласында «кавказ» тұқымды итімен ойнап жүрген. Ол итке таланып алған дене жарақатынан көз жұмды.
Ит сол баланың үйінікі болған.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Тағы оқыңыз:
Ақмола облысында тұрғындар өтірік есеп беретін әкімнің былығын ашты
Алматыда 5 жасар баланың ішегінен 40 шақты магнит шары шықты
Ақтауда педофил алғаш рет химиялық жолмен піштіріледі
Маңғыстауда малдардың құтыру дертінің қайдан пайда болғаны анықталды
Ауылға жұмыс істеуге барған қазақстандық бес жыл міндетін орындамағаны үшін мемлекетке 36 миллион теңге қайтаратын болды
Оқиға БҚО-дағы Жәнібек ауданында болған
Қазақстанда 2026 жылы той жасау қанша тұрады: Қонақтардың сыйлығы шығынды жаба ма
Бір күндік тойдың қаржылық салмағы отбасының кейінгі тұрмысына әсер етпеуі керек