Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда малдардың құтыру дертінің қайдан пайда болғаны анықталды

Маңғыстауда құтыру дертінің қайдан пайда болғаны анықталды. Ауылшаруашылық министрлігі осындай болжамға тоқталды. Арам қатқан түйе мен жылқылар қауіпті індетті даладағы аң-құстан жұқтыруы мүмкін дейді. Бұл аймақта соңғы үш жыл ішінде қатерлі инфекцияның ошағы тіркелмеген. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Маңғыстау облысында малдың жаппай құтыру дертінен қырылуына қасқыр мен түлкі кінәлі.

Соңғы дерек бойынша 17 бас түйе мен жылқыдан құтыру дерті анықталған. Құзырлы ведомства өкілдерінің айтуынша, елді дүрліктірген төтенше оқиға өткен желтоқсан айында басталыпты. Қазір қауіпті жою мақсатында облысқа қажетті вакцина бөлінген.

Еске сала кетейік, ақпан айында Жармыш ауылының тұрғындары малдарының белгісіз аурудан қырылып жатқанын айтып, дабыл қаққан еді. Іле-шала  індет Қарақия ауданы мен Жаңаөзен қаласына таралған. Ал, жергілікті билік, құтыру дертінен қолындағы малынан айырылғандарға нарық бағасына сәйкес өтемақы төлейміз деп, сендіріп отыр.

Тағы оқыңыз:

Қайтыс болған банкир Тәтішевтің телефондағы әр сөзі тыңдалатын болды

Қызылордада құлаған үй: Тұрғындарға 6 ай уақытша баспана беріледі

Рудный телеарнасының ғимаратынан скотчпен оралған күдікті қорап табылды

Инспектор телефонына 1000 теңге аударған адамға 481 мың теңге айыппұл салынды

 

Талқылау