Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайтыс болған банкир Тәтішевтің телефондағы әр сөзі тыңдалатын болды

Марқұм банкир Ержан Тәтішевтің айтқан сөздері қатаң бақылауда болған. Оның телефон қоңырауын тыңдау мен жазуға Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің экс-төрағасы Нартай Дүтпаевтің өзі пәрмен беріпті. Бұл туралы Мұратқан Тоқмәдиге қатысты өтіп жатқан сот отырысында айтты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Нартай Дүтбаев Тәтішевтің телефон қоңырауын тыңдау арқылы жиналған мағлұматтарды қандай мақсатта қолданғаны сотта ашық айтылмады.

Белгілісі Дүтбаев Тәтішевтің телефонмен айтылған әр сөзін тыңдап, жазып отыруды сол кезде өзінің қол астында істеген 3-ші басқарма бастығы Олег Репниковқа тапсырған. Құпия сөзі «Банкир» деп аталған операция аясында тек Ержан Тәтішевтің өзі ғана емес, оның отбасы түгелдей қатаң бақылауда болған. Кейін «Тұран Әлем Банкінің» басшысы қаза болғаннан кейін де Дүтбаев бұл жұмысты тоқтатпай, тіпті одан әрі күшейтуге пәрмен берген.

“2004-ші жылы мені кабинетіне Дүтбаев шақыртты. Ол маған Тәтішевтің телефонын тыңдауға тапсырма берді. Тапсырманы дереу Алматыдағы 8-ші басқармаға жүктедім. Сөйтіп, Тәтішевтің әр айтқан сөзі бақылауға алынды. Ал ақпараттар маған түсіп отырды. Мен оны қағазға басып, сосын конвертке салып, төрағаның «жеке өзіне» деген белгімен қабылдау бөліміне жеткізіп отырдым”, – деді куәгер Олег Репников.

Куәлік еткен Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің 3-ші басқармасына басшылық еткен  Олег Репников бұрын сотты болған екен. Оған 2008-ші жылы қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылып, 4 жыл жаза кесілген. Бірақ, екі жылдан соң рақымшылққа ілігіп бостандыққа шыққан.

Бастапқыда сот отырысында 138 куәгерден жауап алынады делінген. Бірақ, кейін олардың саны 78-ге бірақ қысқарған. Үш аптада шамамен куәгердің 80 пайызынан жауап алынды. Ал, келесі аптада жарыссөз өтеді деп күтілуде.

Тағы оқыңыз:

Қызылордада құлаған үй: Тұрғындарға 6 ай уақытша баспана беріледі

Рудный телеарнасының ғимаратынан скотчпен оралған күдікті қорап табылды

Инспектор телефонына 1000 теңге аударған адамға 481 мың теңге айыппұл салынды

Сырдария өзенінде 30 жастағы әйел өз-өзіне қол жұмсамақшы болды

Талқылау