Инспектор телефонына 1000 теңге аударған адамға 481 мың теңге айыппұл салынды

Атырауда инспектордың ұялы телефонына бірлік аударған адамға жарты миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті хабарлады.

Фото: Максим Маслов

Атырау қаласында облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға инспекторы Ф.Мұхамбетованың ұялы телефонына осы инспектордың бақылауындағы сотталған М.Қазиев 1 000 теңге бірлік аударған.

“Аталған факті бойынша М.Қазиевке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 676-бабы бойынша (Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi) әкімшілік хаттама толтырып, сотқа қарауға жолданды”, – делінген хабарламада.

М.Қазиевке Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 481 000 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Тағы оқыңыз:

Сырдария өзенінде 30 жастағы әйел өз-өзіне қол жұмсамақшы болды

ІІМ: Астана әуежайын су басып кету қаупі бар

Атырауда салмағы небәрі 25 келі болатын 28 жастағы келіншек халықтан көмек сұрады

Енесіне алғыс айтқан келіні жұртты сүйсінтті (видео)

 

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр