Ақмола облысында өрт болып, үш бала қаза тапты
Кеше, 25 қараша күні Ақмола облысы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылда үй өртеніп, үш кішкентай бала қаза болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 716kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

25 қарашада Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылда тұрғын үй өртке оранды. Өрт кезінде үш бала қаза тапты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өрттен екі жасар бала мен алты жасар қыздың мәйітін алып шыққан. Кейін үйінді астынан тағы бір бала өлі күйінде табылды.
Алты айлық сәби ғана аман қалды. Бала оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Ақмола облысының өрт сөндірушілеріне өртті сөндіруге арнайы екі көлікпен келген 12 адамнан тұратын астаналық құтқарушылар көмектесті.
Құзырлы органдар әзірге басқа мәлімет берген жоқ.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған