Ақмола облысындағы Атбасар қаласы су астында қалды: Аймақта эвакуация басталды (видео)
Ақмола облысының Атбасар қаласында барлық ескерту жүйелері қосылып, жергілікті тұрғындарды эвакуациялау басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz
Ресми мәліметке сәйкес, 11 сәуір күні сағат 04:58-де Атбасарда Жабай өзені арнасынан асқаны анықталған.
"Барлық ескерту жүйесі дереу іске қосылды. Тұрғындарды эвакуациялау, нысандар мен тұрғын үйлерді қорғау шаралары жүргізіліп жатыр. Қазір еріген су мотопомпалар арқылы шығарылып жатыр. Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінен 400-ден астам адам мен 100 бірлік техника тартылды", – деп хабарлады Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті.
Жарияланған төтенше жағдайға байланысты Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов жергілікті тұрғындарға үндеу жасады.
Айта кетейік, бұған дейін Құлсарыда жоғалып кеткендердің жақындары шенеуніктердің жұмысына наразылық білдіргені туралы жазған едік.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі