Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкімдік су тасқынынан зардап шеккен құлсарылықтардың шығыны қалай өтелетінін айтты

Атыраудың Құлсары қаласында су тасқынынан 3 мыңға жуық үй зардап шекті. Баспанасыз қалған тұрғындар комиссия жұмысының алдын ала қорытындысымен танысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: instagram.com/jylyoi_audany_akimdigi

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, Құлсарыда 2700-ге жуық үй зерттелді. Жүзге жуық құрылыстың техникалық қорытындысы шықты. Шығын екі жолмен өтеледі. Үй тұруға жарамды болса, иелеріне оны жөндеуге қаражат беріледі. Жоғалған мүліктің өтемақысы да төленеді. Су тасқынына төтеп бере алмаған, апатты жағдайдағы үйдің иелеріне Құлсарыдан немесе облыстың басқа елді мекенінен жаңа үй беріледі.

“Егер үй иесі қорытындымен келіссе, ол екі жұмыс күні ішінде келіп, өтініш беруі керек. Соның негізінде әкімдік жөндеу жұмыстарына қаржы аударады. Ал баспана тұруға жарамсыз болса, отбасыға жаңа үй салып береді немесе басқа баспана беріледі”, – дейді Атырау облысы, Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов.

Айта кетейік, бұған дейін үйсіз қалған құлсарылықтар әкімдіктен өтемақы талап етіп тағы да наразылыққа шыққан еді.

Талқылау