AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақылға қонымсыз": Тоқаевтың экс-көмекшісі зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегіне қатысты пікір білдірді

Экономист, президенттің бұрынғы кеңесшісі Олжас Құдайбергенов келер жылдан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін ең төменгі жеткіліктілік шегінің артуына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құдайбергенов жеткіліктілік шегін көтеру формуласында көптеген логикалық қате бар деп ойлайды. Оның айтуынша, есептеу кезінде БЖЗҚ мамандары ең төменгі жалақының (ЕТЖ) жыл сайынғы өзгеруін және жыл сайынғы өсу процентін ескерген. Бірақ мұндай шешім екі түрлі есептеуге алып келді. 

"Ең төменгі жалақы ЕТЖ-дан немесе ең төменгі зейнетақыдан барынша көп мәнді таңдау үшін пайдаланылады. Мен қателесуім мүмкін. Бірақ іс жүзінде зейнеткерлер алатын сома әлі де ең төменгі зейнетақы негізінде есептеледі. Егер олай болса, онда формулада шекті шамадан тыс көтеретін ең төменгі жалақыны қолданудың қандай қажеті қанша?" – деп жазды экономист өзінің Facebook парақшасында.



Сондай-ақ Олжас Құдайбергенов БЖЗҚ формуласында зейнетақы төлемдерінің шекті жасы қолданылатынын айтты. Төлемдердің бастапқы жасымен айырмашылық әр түрлі коэффициенттердің дәрежесін анықтайды.

"Ерлердің орташа өмір ұзақтығы 67 жыл делік, бірақ барлығы 82 жасқа дейін өмір сүретіндей шек есептелген. Жеткіліктілік шегін бұрмалайтын басқа да ұсақ-түйек бар. Мәселен, 20 жастағы адамда 3 миллион теңге жеткіліктілік шегі болады деген ақылға қонымсыз", – деп нақтылады сарапшы.

Құдайбергенов Қазақстандағы орташа ресми жалақы 230 мың теңге екеніне назар аударды. Ал жеткіліктілік шегінің жаңа мөлшеріне сай келу үшін 31 жастағы адам оқу бітіргеннен кейінгі бірінші айдан бастап 10 жыл бойы 375 мың теңгеден алуы қажет еді.

Айта кетсек, 3 желтоқсанда Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегі күрт өсетіні белгілі болды. 

Әдістемеге сәйкес ең төменгі жеткілікті шек мөлшері әрбір жасқа жеке есептеледі және болашақта зейнетақы төлемі мен зейнетақы жарнасының өсетіні (индекстелуі) ескеріледі. Бұл ретте "Республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты ең төменгі жеткілікті шек мөлшері аталған көрсеткіштердің жыл сайын өсуін ескере отырып есептеледі, деп түсіндірді БЖЗҚ.

Алайда Еңбек министрлігі мен БЖЗҚ-ның мұндай жауабына көптеген қазақстандықтың көңілі толмай, наразылықтарын білдірді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр