Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесі жұмысақы табуға кетіп қалған: Ақтөбеде төсекке байланып қалған бойжеткен аштан өліп қала жаздады

Ақтөбеде еріктілер пәтерге қамалып қалған мүгедек қызды құтқарды. Ол екі күнін аштықта өткізген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап, хабарлайды. 


Еріктілер сегіз ай бұрын 31 жастағы Айнұр есімді әйелмен танысқан. Ол әкесімен бірге жатақханада тұрады. Алты жыл бұрын Айнұр төртінші қабаттан құлап, өз бетімен жүру, қозғалу мүмкіндігінен айырылған. Еріктілер жақында оның жағдайын біліп қайтпақ болған, бірақ пәтерге кіру үшін полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Айнұрдың әкесі вахтаға кетіп қалыпты. 

"Үйде жалғыз қалдырған. Ол жүре алмайды, дүкенге бара алмайды. Біреу әкеліп береді. Ролтонды пакеттеп сатып алып қойған. Міне, ол осылай тамақтанды. Бірінші кезекте тамақ беруді сұрады", — дейді ерікті Әли Оспанов. Айнұр қазіргі уақытта ауруханада жатыр.

Дәрігерлердің сөзінше, оған невропатолог, психолог, травматологтың көмегі керек.  "Әлсіреп қалған. Бізге келгенде қан қысымы 100-ге дейін төмендетілді. Ешнәрсе жемегеннен кейін ағзасына зақым келген. Ағза құрғап кеткен", — дейді Ақтөбедегі темір жол ауруханасының хирургы Жасланбек Тағанов. 

Бойжеткеннің ұйқы безі ауыратыны анықталды. Ем курсынан кейін оны әлеуметтік-медициналық мекемеге жұмысқа алып бару жоспарланды. Бірақ ол үшін әкесінің рұқсаты керек. "Оны интернатқа жіберу үшін әкесінен рұқсат алу керекпіз. Қазіргі уақытта жәбірленген қыз сауықтыру рәсімінен өтуі керек. Ол: "Иә, баламды интернатқа жіберуге келісемін", — деп жазуы тиіс. Алдымен соттық сараптама іс-әрекетке қабілеттілігін немесе қабілетсіздігін растау керек. Сосын біз оны интернатқа кезекке қоямыз. Қазір кезекте 175-тен аса адам тұр. Уақыты келгенде жібереміз", — деді психиатр Сания Мусиева. 

Полицейлердің мәліметі бойынша, қыздың әкесі әлі вахтада. Онымен байланыс орнатылмады.


 

Талқылау