"Әкесі сияқты сабырлы": Алтынай Жорабаева қызының кімге ұқсайтынын айтты
Танымал әнші, “Құрмет” орденінің иегері Алтынай Жорабаева босанғаннан кейінгі жағдайын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/
Жақында әнші бесінші қызын дүниеге әкелген еді.
“Құрмадан артық тамақ пен дәрумен жоқ-ау. Әмина омырауды да емеді. Қосымша сүтті де ішеді. Әкесі сияқты сабырлы. Көнбіс бөпе”, – дейді әнші.
Сондай-ақ отандық эстрада жұлдызын түрлі концерт пен мерекелік кештерге шақыру басталған. Алайда әнші олардың бәрінен бас тартыпты.
“Мені радио мен телеарналарға шақырып жатыр. Қазір тым болмаса, 40 күн күтінейін. Әлі талай эфир мен шығармашылық концерттер болады. Бәрінің өз орнымен болғаны дұрыс”, – деп түсіндірді өнер иесі.

Еске салайық, әнші жолдасының бала күтіміне көмектесетінін жазған едік.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған