Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақерке Бүркітбай хиджаб киді

Қазақстандық әнші Ақерке Бүркітбай хиджаб киіп, жанкүйерлерін таңғалдырды. Ол БАӘ астанасындағы әйгілі мешітке барды. 

Ақерке әлемдегі ең үлкен алты мешіттің бірі – Әбу-Дабидегі "Шейх Заид" мешітінің сұлулығы мен сән-салтанатына тәнті екенін атап өтті. Мешітте бір мезетте 40 мың адамға дейін сияды.

"Ол жердің түбіне жетеді. Мен көрген керемет пен сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес",-  деп жазды ол фото және видео жариялап.

Жазылушылар өнер иесінің дұғасын Алла Тағала қабыл етіп, тілегі қабыл болсын деп тіледі.

Әнші Абайдың өлеңін жазып жариялады. 

“Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме”, – деді ол.

Жанкүйерлері Ақеркеге хиджабтың керемет жарасатынын атап өтті. Олар Әли Оқапов екеуіне бақыт тіледі.

"Мына хиджаб саған қалай жарасады!", "Бақытты бол жаным. Сен өте ақылды қызсың. Әлимен бақытты өмір сүр, Алла тағала саған бақыт берсін", "Біздің аруымыз", "Өте тәрбиелі, сабырлы қыз екенсіз, табиғи сұлулығыңыз бар", "Жақсы демалыңыз", "Сұлу екенсіз" деп жазылған пікірлер көп.


Талқылау