Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақерке Бүркітбай: Әркім өз тағдырын өзі жасайды

Ақерке Бүркітбай өмір мен адам таңдауына қатысты өз ойын жазды. Әнші елде болған қайғылы жағдай жайлы айтып, бей-жай қалмады.

“Әркім өз тағдырын өзі жасайды. Өмір әртүрлі белгілер бере алады, бірақ түптеп келгенде бәрі адамның өз таңдауымен анықталады. Біз мұндай таңдауды күн сайын, әр сағат сайын, минут сайын жасаймыз. Өзіңмен адал болу және даналық пен барды қабылдай білу өте маңызды”, – деп жазды әнші. 

Ақерке Бүркітбай елде болған қайғылы жайтқа қатысты өз пікірін айтып өтті.

“Соңғы күндері болған жағдай әр қазақтың жүрегінде ойып тұрып орын алды.
Бұл тарих! Әрқайсымыз үшін өте қымбатқа түскен сабақ! Қаншама қыршын кеткен жас сарбаздың өмірі, қанша қарапайым халықтың өлімі есімізде мәңгілік қалады. Осы сабақтан шешім шығарып, әр қазақстандық еліміздің көркеюіне үлес қосу керек. Әрқайсымыз өзімізден бастасақ қана нәтиже шығара аламыз!”, – деп жазды Бүркітбай. 

Желідегі оқырманы үн қосып, пікір білдірді.

“Егер де әрі қарай жалғаса берсе, Тәуелсіздігімізден айырылып қалар едік. Бұл бейбіт күнге жету үшін 16 желтоқсан күні аға-әпкелеріміз жандарын пида етті. 🤲🏻Тәуелсіз ел болуымыз өз қолымызда, бейбіт елде өскеніме алғысым шексіз”, “Толықтай келісемін, қанша аға-әпкелеріміз әр түрлі жарқатар алды. Дүниеден озды, қабырғалары қайысып артында жақын адамдары, отбасылар бейкүнә нәрестелер, ақ жаулықтыаналар, әжелер, әкелер жылап қалды. Жатқан жерлері жайлы болсын, топырақтары торқа болсын”, “Дұрыс айтасыз, бәріне өзіміз себепшіміз”, деп жазды олар. 


Талқылау