Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкеміз тәрбиемізбен айналысқан жоқ": Досымжан Таңатаровтың қызы алғаш рет сұхбат берді

Белгілі әнші Досымжан Таңатаров алғаш рет отбасымен сұхбат берді. Ұлы Бақтияр мен қызы Қаракөз әнші әкелерінің ел білмейтін сырларын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Досымжан Таңатаровтың балалары тосынсый болып, бағдарламаға келді. Қызы Қарагөз әкесі өнер адамы болған соң, бала кезде оны көп көрмегенін айтты.

"Бақтияр әкеммен бірге эфирлерге шығып жүр. Мен алғаш рет келіп отырмын. Әкемізді қолдау үшін сіздердің ұсыныстарыңыздан бас тарта алмадым”, – деп бастады әңгімесін әншінің қызы.

Әр адам үшін әке – ең жақын адам. Бала кезімізде әкемізді аз көрдік. Түнде келгенде біз ұйықтап жатамыз. Таңертең қосымша сабақтарымызға кетіп қаламыз. Көбіне телевизордан, сахнадан көріп тұрдық. Қыз бала болғасын анамызға жақын өстік. Көбіне біздің тәрбиемізбен сол кісі айналысты. Әкеміздің анамызға сенгенінен болуы керек, көп тәрбиемізге араласпады. Бірақ әкеміз ешқашан бетімізден қағып, шектеген емес. Қалаған білімімізді беріп, қалаған жерге алып барды. Қазақстанның ішін аралатып, шетел көрсетті. Шүкір осындай әкемнің барына. Мен үшін ең жақсы адам", – деді Қарагөз. 

“Қызым тұрмыста болғасын менің сөзім өтпейді. Төркіндеп қана келіп тұрғаны болмаса, жолдасы мен бала-шағасы бар”, – дейді әнші. Айтуынша, әлі күнге дейін ұлдарына қатал көрінеді.  

“Балаларым қалада өсті. Бірақ ауылдан ажыратпауға тырысамын. Жазғы каникул кезінде ауылға апарып тастайтын едім. Әкемнің отар-отар қой мен үйір-үйір жылқысын бағуға көмектеседі. Бала күнімізде қаладан бала келсе жынымыз келетін. Атқа да міне алмайды, малдан қорқады, ақ саусақ болып келетін. Сондай бала болмасын деп балаларымды кішкентай күнінен ауылға апарып тұрдым. Қыздарыма жұмсақтау болғаныммен, ұлдарға қаталмын”, – дейді әнші. 

Осыған дейін әншінің балабақшада тәрбиеші болғанын жазған болатынбыз. 

Талқылау