Еуропада жоғалған қазақстандық студенттің екі ай іздеуден кейін денесі табылды
Олег Кузьминге ақпан айының соңынан бастап іздеу жарияланды. Жігіттің әкесі Сергей ұлынан келген күдікті қоңыраудан кейін оны іздеуді бастаған. Ол ұлының тірі табылатынына бүгінге дейін сенімді болып келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

Тараз қаласының тұрғыны Сергей Кузьминнің айтуынша, Олегтің денесі табылған. Ол суға батып кеткен. 20 жастағы жігіттің денесі Прагада кремацияланған. Жігіттің өліміне қатысты бұдан өзге ешбір толық ақпарат хабарланған жоқ.
"Біздің отбасымызда аза тұту, жерлеу және еске алу рәсімдері болмайды. Көңіл айтудың қажеті жоқ. Балам әрқашан бізбен бірге. Бұл – біздің шешіміміз, оны құрметтеуіңізді өтінемін. Үйде екі әжеміз бар, олар бұл жаңалықты көтере алмауы мүмкін", - дейді Олегтің әкесі.
- Талдықорғанда 19 жастағы сарбазды айуандықпен өлтіргендерді полиция іздестіріп жатыр
- "Жұбайым сол сәтте тамақ істеп жатқан": Үйіне кран кіріп кеткен елорда тұрғыны оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Олег білім алу үшін 2019 жылы Прагаға көшкен. 2022 жылдың 26 ақпанында таңертең жас жігіт әкесіне қоңырау шалып "Әке, көмектесіңізші" деп айтып үлгеріп, артынша жоқ болған. Одан кейін Олегпен байланысу мүмкін болмады.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді