Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота-Нұр екінші рет тұрмыс құруға дайын ба?

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет Дәурен Айдарқұловпен бір телехикаяға түскен. Экс-күйеуімен түсірілім алаңында жұмыс істеу Ақботаға еш қиындық туғызбаған.


Бұл туралы Stan.kz Алматы арнасының "Папарацци" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұрынғы жұбайлар "Мыстан" атты веб-сериалға түскен.

"Тағдырымыз тоғыспаса да, жұмысымыз тоғысып тұр. Бір салада жүргеннен кейін міндетті түрде бірге түсеміз. Оның үстіне, бала-шағамыз бар. 

Мен үшін Дәуренмен ойнау қиынға соқпады. Мүмкін бір-бірімізге үйреніп қалғаннан ба?! Бір жағы, жұмысқа келгенде кәсіби маман ретінде қараймыз", – деп ағынан жарылды Ақбота. 

Шоу-бизнесте жүргеннен кейін, Ақботаның артынан ерген қаңқу сөз көп. Көпшілікті "Актриса екінші рет ақ келін атануға дайын ба?" деген сұрақ мазалайды.



"Артымда екі балам бар. Жан-жағыма қарайтындай баяғы кішкентай 18-20 жастағы Ақбота емеспін. Екі балам өсіп келе жатқаннан кейін қадамымды ақырын басамын", – дейді Ақбота.

Жақында Ақбота-Нұр "Музарт life" тобының бұрынғы әншісі Азиз Балтабекұлының бейнебаянына түскен. Қос өнер иесін бір кадрдан көрген жұрт оларды "қосып" үлгерген. Алайда: "Ол – менің бауырым. Менен қанша жас кіші, бірге оқыдық. Қазір шығып жатқан әндерімнің 90 пайызының авторы. Артымнан еріп келе жатқан жалғыз бауырым бар. Сол сияқты жақсы көремін. Бірге ән жазсақ та, фотоға түссек те, халықтың өзі хайп шығарып алады ғой. Ондай ештеңе жоқ. Басым да, жүрегім де бос", – деп түйіндеді Сейітмағамбет.

Талқылау