AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Салақсың": Данагүл Темірсұлтанова келін болатын қызы үшін қалай алаңдаған?

Актриса Данагүл Темірсұлтанова кенже қызы Айымның келіндік өміріне қатысты қатты алаңдаған. Себебі үйдің кенже қызы тұрмыстық өмірге араласпаған.

Бұл туралы Айым Сейтметова Алматы арнасының "Папарацци" бағдарламасында айтты. 

2019 жылы кәсіпкер жігітпен отбасын құрған Айым отбасылық өмірге үйреніп қалғанын айтады. Сөзіне қарағанда, күйеуі екеуі алғашқы жылды бір-бірін тануға арнаған.

"Отбасылық өмірде бәрі керемет, маған бәрі ұнайды. Үйреніп қалдық. Маған барлығы алғашқы жылы бір-біріңді зерттейсіңдер деп айтатын. Қазір біз бір-бірімізді толық зерттеп, түсініп болған шақтамыз", – дейді Айым.

Айым тұрмысқа шықпай тұрып анасының қатты уайымға салынғанын жасырмайды. Данагүл Темірсұлтанова үйдің тірлігіне араласпаған ерке қызды қайын жұрты қалай қабылдайды деп алаңдаса керек. Алайда Айым бүгінде анасының барлық күдігін сейілткен.

"Бұрын анам үнемі: "Ертең тұрмысқа шықсаң, көп ұрыс естисің. Сен салақсың, тамақ істей алмайсың, кір жуа алмайсың", – деп айтатын. Себебі үй жұмыстарына араласпайтынмын. 

Қазір анам менің келін ретінде қалай өскенімді көрді. Дастарқан жайып, қонақ күту қиын емес. Киім үтіктеу, кір жуу, үй жинау деген сияқты істерді автоматты түрде жасаймын. Өзіңнің басыңа келген кезде үйренеді екенсің", – деп түсіндірді Айым.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр