AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Керімбекова: Еріккеннен тұрмысқа шыққан жоқпын

Үшінші рет тұрмысқа шыққан кезде, ел арасында Ақбота Керімбекованы қолдағандар да, даттап сынағандар да табылды. Алғашқылары әншіні бақытты болуға әбден лайық деп тапса, екіншілері қазақ әйелінің бірнеше рет тұрмыс құруын ерсі деп сынады. Халықтың сынын есту Ақботаға да оңайға соққан жоқ.

керімбекова күйеуімен 120517

Zhuldyz.tv арнасының «Сенбілік серуен» бағдарламасында әнші үшінші рет тұрмысқа шығуға не итермелегенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақбота жеке өмірін елге жария еткенді ұнатпайтынын айтты. Десе де, әлеуметтік желі арқылы тарап кеткендіктен, ол бар құпиясын ашуға бел буды.

«Бақыт деген тыныштықты жақсы көреді екен. Соны енді түсіндім. Ол әркімнің бақыты, тіршілігі, өмірі, әркімдікі өзінікі ғой. Оны бірі түсінеді, бірі түсінбейді. Дегенмен де әлеуметтік желіде естіп, біраз шулап, біразы анау деді, біразы мынау деді…

Өз басымды айтайын, еріккенімнен, күйеуге шыққым келіп жатыр деген оймен шыққан жоқпын. Жалғыздық Аллаға ғана жарасқан. Жасымыз орта жасқа келді. Көңіліміз 18 дегенмен де, 40-қа келгеніміз өтірік емес. Барар жерің, ортаң болады, сол кезде қасыңда бір сүйенішің, тіреуің жүрсе… Балаларға да әке болмаса да, әке орнына үйде ер азаматтың жүргені дұрыс қой. Балаларыңа айта алмайтын әңгімелер болады. Сондай әңгімелерде дұрыс бағыт беріп, жол көрсетіп отырса, неге жалғызбасты әйелдерге өз бақыты үшін күреспеске?» – дейді Ақбота.

Әнші үшінші рет тұрмысқа шығу туралы шешімді қабылдау үшін ұзақ ойланғанын айтады. Айтуынша, балалары да алғашқыда бұл жаңалықты оңды қабылдамаған. Ойлана келе: «Сіз бақытты болсаңыз болды», – деп келісімдерін берген. Ал самайына ақ түскен анасы қашаннан Ақботаның өз теңін табуын тілеп келіпті.

«Өмір бір ақ рет берілген. Бала-шаға өседі. Біздің міндетіміз оларды өсіру, дұрыстап тәрбиелеу, оқыту, орнына қою», – деген Ақбота алдағы уақытта өзі үшін де өмір сүріп көруге бел буғанын айтты.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас өзі киіп үлгермеген костюмін жанкүйеріне бере салды (видео)

Ернар Айдар шаңырақ көтерді

“91” тобының 100 мың АҚШ доллар жұмсалған фильмін көруге келген қыздар жаппай жылады “фото)

Қарақат Әбілдина сиыр сауып, самаурын жаққан күндері туралы айтты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр