Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбөкенді қарусыз аулап, онымен суретке түскендер желі қолданушыларын ашуландырды (видео)

Желіде көлік тізгіндеген бірнеше адамның аөбөкенді қуған видеосы пайда болды. Олар қалжырап омбы қарға құлаған ақбөкеннің үстіне мініп алып, жаппай суретке түсе бастаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Мұнан кейін олар ақбөкенді жібере салған сияқты. Болжам бойынша видео Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы Сұлтан көлінде түсірілген.

ҚР Ауыл шарушалық министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет қазақстандықтардан видеодағы адамды таныған жағдайда хабарлауын сұрады.

«Ақбөкендер ешқашан адамға жақындап келмейді. Олар – өте сақ жануарлар. Видеодан олардың ақбөкенді автокөлікпен қуып, қалжырап қалған жануарды ұстап алғаны байқалады. Ақбөкендерге қатысты кез-келген қатігездік үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған», – деп жазды баспасөз хатшысы Facebook желісіндегі парақшасында.

Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметі тиісті шаралар қабылданғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта жануарды қорлаған адамдар іздестіріліп жатыр.

«Аталған факті бойынша «Жануарларға қатігездік жасау» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Жедел шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Қорғалжын АІІБ қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуде», – деп мәлімдеді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.

Оқи отырыңыз:

«Қазақ жауынгері» тағы бір қарсыласын нокаутқа жіберіп жеңіске жетті

Қазақстандық танымал шаңғышы тікелей эфирде шетелдік журналисті балағаттап жіберді (видео)

Атышулы 91 тобы Оңтүстік Корея астанасында өнер көрсетті (видео)

Әсел Сәдуақасова өзі туралы жаңа фильм түсіріп жатқанын айтты

Тұрсынғали Алагөзов пен Динара Сәтжан бірігіп бизнес ашпақ

Талқылау