Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"AirAstana" ұшағының екі жолаушысы тырысқақ ауруын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жеткізілді

Жолаушылардың айтуынша, Алматыдан Оралға бақыт алған рейс кезінде екі жолаушының дене қызуы көтеріліп, құсқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Уральская неделя” сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: instagram.com/airastana

Ресейлік ер адам мен әйел өзін нашар сезінген. Ұшақ қонған соң санитар эпидемиологтар бортқа көтеріліп, оларды тексерген.

“Бізді екі сағат бойы ұшақтан шығармады. Кейін барлық жолаушыны жіберді”, – деді сондағы әйедердің бірі. 



Оралдағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы екі науқастың келіп түскенін растады. 

“Түнде бізге Ресейдің екі азаматын жеткізді. Анамнез, эпидемиологиялық анамнез және клиникалық тексеруден кейін олардан тырысқақ анықталмады. Екеуінің де жағдайы қанағаттанарлық. Олар Саратов облысындағы өздерінің тұрғылықты жеріне аттанып кетті”, – деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова.

Бұған дейін "AirAstana" әуе компаниясының ұшқышы Алматыдан ұшар алдында есірткі тұтынғаны үшін ұсталған еді. 

Талқылау