Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"105 мың теңгеден басталады": Суға батқан аймақтарда билет құнын қымбаттатқан Air Astana компаниясы сынға алды

Журналист Асхат Ниязов әлеуметтік желідегі парақшаларында Air Astanа әуе компаниясының қиын жағдайға тап болған өңірлердегі билет бағасын сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: polet.me

"Air Astanа Атыраудан ұшатын ұшақ билетінің жоғары құны туралы жаңалыққа қалай жауап берді? Бұл фейк дей ме? Өздеріңіз қиын бағыт таңдадыңыздар дей ме?  Жақсы, солай болсын. Мен олардың сайтына кірдім. Міне тікелей билет көз алдымда. Бағасын көріңіздер. Сіздердің ойларыңызша бұл қалыпты баға ма? Ал дәл осы бағытта кері ұшу 6 есе қымбат! Сіздер суға батқан Атыраудан қашып жатқан жұртқа осылай көмектескілеріңіз келе ме?" – деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, Оралда да дәл осындай жағдай. Онда кері ұшу құны 3 есе қымбат.

Асхат Ниязовтың Telegram-арнасынан

"Сіздердің ойларыңызша бәрі шулап болды. Енді жұрттың қалтасын қаға беруге бола ма? Бәрінің сүйікті әуе компаниясына айналған Air Astanа, қиындықта қалдырмайтындарыңыз үшін рақмет", – деп жазған еді Асхат Ниязов.

Әуе компания журналист жазбасына қатысты түсінік берді.

"Әуе компаниясы шынымен Атыраудан ұшатын отандастар үшін билет құны 40 мың теңге болатын арнайы тариф енгізді. Дегенмен бұл бағыт бойынша сұраныстың өскенін ескеруіңізді сұраймыз. Өкінішке қарай, рейстерде орындар саны шектеулі және Атыраудан жақын арада орындалатын рейстердің эконом-кластағы билеттері сатылып кетті. Сатылымда бизнес-класс билеттері ғана қалды", – деп жазды Air Astanа.

Компанияның хабарлауынша, бұған дейін Air Astana Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау, Шымкент қалаларына 9 сәуір мен 18 сәуір аралығында қосымша 33 рейс ұйымдастырған. Тұрақты рейстермен қатар барлығы 95 рейс орындалады.

"Көрсетілген скриншотта Атырау-Алматы билетінің бизнес-кластағы құны көрсетілген. Өйткені эконом-класта 23 және 24 билет қалмаған. Сайтымызда осы бағыттағы эконом-класс билеттерін 25 сәуірден бастап таба аласыздар", – делінген компания хабарламасында.

Талқылау