Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер азаматтардың жеке дерегін сатылымға қойған "хакерді" іздеп жатыр

дерек
Фото: Freepik.com

Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарының жеке деректерінің сатылуына қатысты жағдайды назардан тыс қалдырған жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты тексерді. Бүгінге дейін eGov порталына рұқсатсыз кіру тіркелген жоқ.

Дегенмен мұндай жарнаманың пайда болуының өзі назардан тыс қалған жоқ. Қазір жарнаманы орналастырған адамды, ұсынылған деректердің көзін және оны заңсыз алуға және таратуға қатысқандардың барлығын анықтау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде азаматтардың жеке деректерін қорғаудың конституциялық кепілдігін жүзеге асыруға толық міндеттенеді.

“Конституцияның 21-бабында жеке деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан, соның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қорғау нақты көзделген. Қатысқандардың барлығын анықтау үшін барлық қажетті шара қабылданады. Ешкім жауапкершіліктен құтылмайды”, – делінген хабарламада.

Бұл жұмыс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда 15 миллион адамның жеке дерегі даркнетте сатылымға шығарылғаны туралы ақпарат тарады. Хакердің мәлімдеуінше, көлемі 2,7 ГБ болатын база мемлекеттік eGov жүйесін бұзу арқылы алынған.

Қырмызы Скендір
Бейсенбі, 13 Тамыз, 2026 14:31