Қазақстанда отадан соң ішінде дәке қалып қалған науқас ауруханадан 1,5 миллион теңге өндіріп алды
Қызылорда облысында хирургиялық операциядан кейін ағзасында дәке тампоны қалып кетіп, ауырған науқас мекемені сотқа беріп, 1,5 миллион теңгеден астам өтемақы өндіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот мәліметінше, ер адам дәрігерлердің қателігінен ұзақ уақыт бойы қатты ауырсынумен жүрген. Жарасы жазылмай, қайтадан операция жасауға тура келген. Екінші ота ақысын ол өз қалтасынан төлеген.
“Осыған байланысты жәбірленуші медициналық мекемеден материалдық шығынды өндіріп, моральдық зиянның өтемақысын төлеуді талап етті. Сотта анықталғандай, науқасқа алғашында кистаға байланысты операция жасалған. Алайда екі айдан кейін басқа медициналық мекемеде қайта операция жасалып, алдыңғы ота кезінде қалып кеткен дәке тампоны алынған. Ағзада бөгде заттың қалғаны операция хаттамасы, медициналық құжаттар, бейнежазба және қайта ем жүргізген медициналық мекеме өкілінің түсініктемесі арқылы расталған. Науқастың операциядан кейінгі асқынулары – ұзақ уақыт жазылмаған жара. Қабыну және күнделікті таңу процедураларына қажеттілік те медициналық құжаттармен және емдеуші дәрігердің түсініктемесімен дәлелденген”, – деп жазылды хабарламада.
Сот мәліметінше, медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында да бірқатар заңбұзушылық анықталған.
“Операция кезінде міндетті стандарттар сақталмаған. Науқасқа операциядан кейінгі бақылау тиісті деңгейде жүргізілмеген. Медициналық құжаттар да талапқа сай толтырылмаған. Күнделікті жазбалар толық емес, зерттеу нәтижелерінің клиникалық түсіндірмесі және операция кезінде алынған материалдарды зерттеу туралы мәліметтер болмаған”, – деп көрсетілді сотта.
Сот ұсынылған дәлелдерді зерделей келе, медициналық мекеменің кінәсі дәлелденді деген қорытындыға келіп, талап-арызды қанағаттандырды. Нәтижесінде медициналық мекемеден талапкердің пайдасына материалдық және моральдық зиянды өтеу ретінде 1,5 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастаған
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан
