Адамның жүрегіне сенім ұялататын ерекше оқиғалар (фото)

Жер бетінде өзінің мүддесін төмен қойып, өзгелердің игілігі үшін қызмет ететін жандар жетерлік. Және олар әркез адамгершіліктің құлы екенін, өздерінің мейірбан істері арқылы дәлелдейді.

00124

Бұл туралы flytothesky.ru хабарлайды.

Сюн Шуйхуа – қытайлық бизнесмен-миллионер. Ауыл тұрғындарына арнап керемет үйлер мен вилла салып берген.

00523

Ол Қытайдың оңтүстігіндегі Сюнкенг ауылында туады. Ол бизнесте жолы болып, миллиондап ақша тапқан кезде ауылдастарына көмектескісі келеді. Ол 72 отбасына арнап жаңа баспаналар салып, және өзіне ет жақын 18 отбасы үшін вилла тұрғызып берген. Бұл үшін бизнесмен 4 млн фунт стерлинг құртыпты. Ол тіпті табысы аз және қарт адамдарға арнап күніне үш мезгіл ыстық тамақ беріп тұруға да уәде беріпті.

Чак Фини – бұрынғы экс-миллиардер. Ол өзінің 7,5 миллиард долларының 99 пайызын жастардың жоғары білім алуына жұмсаған.

00226

Ирланд-америкалық бизнесмен өзінің қайырымдылық шараларын 1984 жылы бастаған. Ол 170 млн долларын Ирландиядағы Лимерика Университетінің гранты үшін бөлген. Сондай-ақ, соңғы он жылда 7,5 млрд долларды жоғары білім алу мәселесі үшін сыйлаған.

Лос-Анджелестен шыққан байкерлер бандасы балаларды сексуалды зорлықтан қорғайды.

00325

Олар Bikers Against Child Abuse (BACA) деген атаумен танымал. Олар балалар үшін зорлықтан ада қоршаған орта құрғысы келеді. Егер балаға зорлық жасаған адам әлі түрмеде отырса, онда олар балалардың үйін түнгі уақытта күзетіп, мектепке, сот отырысына, психотерапиялық сағаттарға алып барады. Балалар қорқынышты сезінбес үшін байкерлер тіпті сот отырыстарына да қатысады.

Дашрат Манджи өз ауылына баратын жолды қысқарту үшін, 22 жыл ішінде тау арқылы 100 метрлік жол жасап шыққан. Енді жол 55 шақырым емес, небәрі 15 шақырым ғана.

00425

Ол Үндістандағы Бихар штатында тұрады. Дашрат 1960 жылы бала күтіп отырған әйелінен айырылып, үлкен соққы алады. Жақын аурухана тек 70 шақырым жерде ғана, және Дашрат әйелін онда жеткізе алмайды. Ол үкіметке бірнеше рет қысқа жол жасап шығуды ұсынған. Бірақ, билік қимылдамағаннан кейін ол іске өзі кіріседі. 22 жыл тауды қазып, ұзындығы 100, ені 9 метрлік жол жасап шығады. Дашрат 2007 жылы тамыз айында көз жұмды.

102 жастағы Добри Добрев күн сайын қайыр тілеп, түскен ақшаның барлығын шіркеу мен балалар үйіне береді.

00124

Добри Болгария астанасынан 24 шақырым жерде тұрады. Ол жастау кезінде қаланы кезіп жүрсе, қазір автобус арқылы жүріп, қайыр тілейді. Және бірнеше жыл бойы шіркеу мен балалар үйін ақшамен жарылқап келеді. Ол тіпті бір уақыттары 24 мың долларға дейін қаржы берген. Добридің айтуынша, ол бір жылдары ақымақтық іс жасаған. Сол уақыттан бері жаман әрекетін жуып-шаю үшін өзгеге көмектесуді жөн санапты.

Мидың қатерлі ісігінен көз жұмған 11 жастағы Лян Яои өлерінің алдында өзінің дене мүшелерін донор ретінде қолдануды өтінген. Осылайша ол басқа балаларға өмір сыйлағысы келіпті.

00621

Гуандун провинциясының тұрғыны 9 жасынан бастап ми рагынан зардап шеккен. Лян көз жұмғаннан кейін оған қараған дәрігерлер, оның батылдығы мен мейірімділігіне риза болып, үш рет құрмет көрсетіп бастарын иген.

Калифорниядағы қарттар үйі банкротқа ұшыраған кезде барлық қызметкерлері кетіп қалып, 16 егде кісіге тек аспаз бен тазалықшы ғана қарап қалған.

00716

Аспаз Морис Роуленд пен тазалықшы Мигель Альварес өз еріктерімен 16 егде кісіге көмек көрсетуді жөн деп шешкен. Олар 24 сағат бойы қарттардың жағдайын жасайды.

Альберт Лекси 36 жыл бойы Питтсбургтегі балалар ауруханасына аяқ киім тазалап келе жатыр.

00816

71 жастағы Альберт Лекси жасы 15-ке келген кезде аяқ киім тазалап бастаған. Әр сейсенбі және бейсенбі сайын ол Питтсбургтегі балалар ауруханасына барып, емделушілердің аяқ киімін тазалайтын. 36 жыл ішінде ол тапқан-таянғанының барлығын қайырымдылыққа жұмсап келеді. Жалпы саны 200 мың доллар қаражатты өзгелердің игілігі үшін берген. Онда тіпті көлік те жоқ. Күн сайын автобусты пайдаланады.

Оқи отырыңыз:

Эфиопия тайпасының ерлері ең семіз деп атану үшін 6 ай сиырдың қанын ішеді (фото)

Қарақалпақстанда тұратын қазақтардың тұрмыс-тіршілігі (фото)

Әлем халықтарының адам шошырлық сексуалды дәстүрлері (фото)

Әлем елдеріндегі ең сұлу тележүргізушілер (фото)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр