Арқалықта мектеп ғимаратында ірі өрт шықты (видео)

Қостанай облысы Арқалық қаласында №5 орта мектептің төрт қабатты ғимаратының шатырынан өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ТЖМ мәліметі бойынша, хабарлама түскеннен кейін 3 минут ішінде оқиға орнына алғашқы бөлімшесі жеткен.
"Оқиға орнына келген кезде ғимарат шатырының 1100 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіруге өрт сөндіру бөлімдерінің және ТЖМ жедел-құтқару жасағының күштері жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істеуде”, – делінген хабарламада.
ОқыңызАлдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Үздіксіз су беру үшін нысаннан 300 метр қашықтықта орналасқан екі өрт гидранты пайдаланылуда.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде өртеніп кеткен әкімдік ғимаратын жөндеуге ондаған миллион теңге жұмсалатыны туралы жазған едік.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті