Ақтөбеде өртеніп кеткен әкімдік ғимаратын жөндеуге ондаған миллион теңге жұмсалмақ

Ақтөбеде өрттен кейін облыстық әкімдік ғимаратын қалпына келтіруге шамамен 90 миллион теңге бөлінеді. Жөндеу жұмыстары төтенше жағдайлар резервінен қаржыландырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әкімдіктің мәліметінше, шатыр өрт салдарынан қалған қалдықтардан тазартылды. Қазір қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстарын мамандандырылған компания жүргізеді.
"Алдын ала бағалау бойынша, жалпы материалдық шығын шамамен – 90 миллион теңге. Қалпына келтіру жұмыстары Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар резерві есебінен қаржыландырылады", – деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбағда Көбеева.
ОқыңызЕске салайық, Ақтөбеде 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртенген еді. Өрт толық сөндірілді. Төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Алғашқы бөлімшелер келген кезде ашық жану анықталған. Өрттің аумағы нақтыланып жатыр.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті