65 жастан асқандар тексеруден өтеді, ереже бұзғандар емтихан тапсырады: Қазақстанда жүргізушілерге жаңа талап енгізіледі

Қазақстанда жүргізушілерге қойылатын талаптар күшейеді. 2026 жылдың 25 тамызынан бастап 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілер міндетті медициналық тексеруден өтеді, ал жол ережесін өрескел бұзғандар қайта емтихан тапсыруы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 25 тамыздан бастап елімізде "Жол қозғалысы туралы" заңына енгізілген өзгерістер күшіне енеді.
“Ең алдымен, 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер әр екі жыл сайын медициналық тексеруден өтуге міндетті болады. Міндетті медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі арасында автоматты түрде беріледі. Егер жүйеде жүргізушінің медициналық тексеруден өткені және көлік жүргізуге рұқсаты расталмаса, оның көлік басқару құқығы тоқтатылады”, – делінген хабарламада.
Министрлік сонымен қатар, тағы бір өзгеріс жол жүру ережелері бойынша білімді қайта тексеруге байланысты екенін жеткізді. Заңда көрсетілген жағдайларда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер теориялық емтиханды қайта тапсыруға жіберілуі мүмкін.
“Оған, мысалы, қиылыста қауіпті жағдай туғызу, жылдамдықты қайта-қайта асыру, жолақ ауыстыру, басып озу және маневр жасау ережелерін өрескел бұзу, сондай-ақ тоқтау мен тұраққа қою талаптарын бұзу жатады”, – деп түсіндірді ведомство.
ОқыңызМинистрлік бұл шара барлық жүргізушіге қатысты емес екенін, тек заңда нақты көрсетілген жағдайларда қолданылатынын атап өтті.
“Егер жүргізуші тиісті қаулы алған күннен бастап екі ай ішінде дәлелді себепсіз теориялық емтиханға келмесе, бұл да көлік жүргізу құқығын тоқтатуға негіз болады. Сонымен қатар көлікті алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Енді жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда да, адам 8 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылады. Егер жүргізушінің куәлігі болмаса, ол құжатты да 8 жыл ішінде ала алмайды”, – деп қосты ведомство.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған