"44 градустық ыстық қайта оралады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райын болжады
Қазгидромет 23-25 шілдеге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері көп аумақта жауын-шашын да, апатап ыстық та болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағы арқылы жылжитын солтүстік-батыс циклон елдің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр әкеледі. Кейбір өңірлерде нөсер жауын жауып, бұршақ түсуі мүмкін.
Суық ауа массаларымен толығатын циклон жаңбырмен бірге ауа температурасының төмендеуіне себеп болады. Алайда Қазақстанның батыс аймақтарына Иран жақтан жылы әрі құрғақ ауа массалары келе бастайды. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтеріледі.

Күндізгі уақытта батыс өңірлерде аптап ыстық болып, ауа температурасы 34-39 градусқа, ал кей жерлерде 40-44 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Астанада үш бала ұйықтап жатқан пәтерге жалаңаш ер адам кіріп кеткен: Полиция тергеу жүргізіп жатыр
Балалардың әкесі өзін қорғауға мәжбүр болған
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек