Қазақстанда биыл 1-сыныпқа өтініш қабылдау жаңа жүйе бойынша жүргізіледі: Ата-аналар нені білуі қажет

2026 жылы 1-сыныпқа өтініш қабылдау OQU Ұлттық білім беру платформасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
eGov.kz порталының мәліметінше, жаңа платформада пайдаланушылар өтініш беріп, мектепті таңдап, қызмет көрсету барысын қадағалай алады.
Азаматтарға қолайлы болу үшін қызмет eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасының басты беттеріне де орналастырылған.
“Қызметті алу үшін пайдаланушы oqu.edu.kz платформасына өтіп, бейненұсқаулыққа сәйкес eGov порталы немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы авторизациядан өтуі қажет”, – делінген хабарламада.
ОқыңызӨтініштерді қабылдау аймақтар бойынша кезең-кезеңімен 27 мамырдан басталып, 31 тамызға дейін жалғасады:
- 27 мамыр–31 тамыз: Астана қаласы, Абай облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысы;
- 10 маусым–31 тамыз: Алматы қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы;
- 18 маусым–31 тамыз: Алматы облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Шымкент қаласы;
- 29 маусым–31 тамыз: Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжат тапсырудың жаңа ережелері мен мерзімдері бекітілгені туралы жазған едік.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған