"Адамгершілігін әлеуметтік желі арқылы таныған": Сабина Мовлаева түрік әншісі Мурат Япырактың ұсынысын қабылдады
Желі жұлдызына айналған блогер Сабина Мовлаева жақында Түркияға аттанады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды
Revue news мәліметінше, танымал түрік әншісі Мурат Япырак отандық блогермен дуэт жаздырғысы келетінін айтқан.
“Мен ол кісімен Нұрдәулет деген блогердің туған күнінде таныстым. Сол жерден мені көріп, парақшама дуэт айтайық” деп жазды. Қазір шығармашылық байланысты орнатып жатырмыз. Мурат мырза әнді дайындауды толығымен өз мойнына алды. Ол түрікше, мен қазақша айттым. Жақында Түркия еліне аттанамыз. Мурат Япырактың командасымен жұмыс істейміз. Бейнеклиптің демеушісі – Мураттың өнердегі досы. “Менің талантымды көріп, бейнебаянның спонсоры өзім боламын” деді. Түріктің өнер жұлдызы мені әбден зерттепті. Адамгершілігіңе тәнті болдым деді. Бұйырса, мықты коллаборация болғалы тұр”, – деді блогер.
-
Көлігінде Kalifarniya-ның әнін тыңдаған такси жүргізушісі әншіні танымай қалды
-
"Жарқынайдың жан құрбысы": Айдар Асқарбекпен қол ұстасқан блогер ару желіні шулатты
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, блогердің қадамын қолдап жатыр. Енді бірі түріктерден сақ болуға шақырды.
“Құтты болсын, сәттілік!”, “Адамгершілігін әлеуметтік желі арқылы таныған ба?”, “Әдемі қызсың, бірақ сөйлегенің жасанды”, “Түрік эстрадасын бағындыруыңа тілектеспін”, “Осы қыз өзін керемет жоғары бағалайды”, “Түріктер сақ халық, сан соғып қалма” – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Айта кетейік, блогер Сабина Мовлаева Kalifarniya-ға ренішін жеткізгенін жазған едік.