Көлігінде Kalifarniya-ның әнін тыңдаған такси жүргізушісі әншіні танымай қалды
Танымал хитмен, әнші Kalifarniya концертпен Степногорск қаласына барды. Әйелімен таксиге отырған әнші өз тыңдарманын кездестірді. Такси жүргізушісі Kalifarniya-ның әндерін сүйіп тыңдағанымен, өнер иесінің бет-жүзін білмейді екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/kalifarniya
Фархат Қалиев пен жұбайы Әнел отырған таксидің жүргізушісі әншінің тыңдарманы болып шықты. Бірақ ол сүйіп тыңдайтын әншісін танымай қалды.
“Ол әнді өте жақсы айтады”, – деп мақтады жүргізуші өнер иесінің өзімен сөйлесіп отырғанын білмей. Сондай-ақ ол әншіні діттеген жеріне тегін жеткізіп тастаған.
“Аға бізден ақша алған жоқ. 600 теңге шықты. Ол бізді танып тұрған жоқ. Керемет, Алла разы болсын! Жолаушысыздар деп тегін жеткізіп салды”, – дейді Kalifarniya.
Бұған дейін блогер Сабина Мовлаева Kalifarniya-ға ренішін жеткізген еді.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"