Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамгершілік үшін жабық киінші": Блогер босанғаннан кейінгі ішін көрсетіп желі қолданушыларының жиіркенішін туғызды

Блогер босанғаннан кейін денесін видеоға түсіріп, желі қолданушыларына көрсетті. Алайда көпшілік оның денесінен жиіркеніп, қарсы пікір жазды. 

Тиісті жазба оның Instagram парақшасында пайда болды.

Канаданың Онтарио қаласының тұрғыны, 1,9 миллион жазылушысы бар Сара Николь Лэндри сәбиін үш ай бұрын дүниеге әкелген. Соңғы жүктілігін "өзінің ең ауыр жүктілігі" деп атады.

Ол әлеуметтік желіде салбыраған ішін көрсетті. Сонымен бірге, адамдардың қарсы пікірлерін бөлісті. Олар әйелді жалқау және жиіркенішті деп айыптады.

Жазылушылар: "Диетаға отырыңыз, спортзалға жазылыңыз", "Сіздің денеңіз бұрынғыдай емес", "Сіз жиренішті көрінесіз ","Сізге ішті тарту керек", - деп жазды.

Лэндри "балалар дүниеге келгеннен кейін дененің бұлай көрінуі әбден қалыпты" деп мәлімдеді. Ол бала босанған әйелдерге елдің сөзіне қарамастан өзін көрсетуден қорықпауға шақырды.


Талқылау