"Егізіммен бірге өмір сүретін 36 жылымды ұрлап алды". Егіздер 36 жылдан соң бірін-бірі тапты
Туа салғанда америкалық екі отбасыға асырауға берілген кореялық егіздер 36 жыл өткен соң бір-бірін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Good Morning America басылымына сілтеп.
Молли Синерт пен Эмили Бушнелл ата-анасы, туған-туысы мен өмірі жайлы ештеңе білмеген. Олар ДНҚ-тест өткенде ғана егізі бар екенін естіген. Егіз қыздар туа салысымен біреуі Флорида,екіншісі Пенсильвания штатындағы отбасының асырауына берілген екен.
Бір-бірін тапқан соң әлеуметтік желіде хат алмасып отырған. Бір қызығы екеуінің үйінде мысық асыраған, ұқсас көйлекті киюді ұнатқан, тіпті, мектепті бітіру кешінде бірдей алқа таққан екен.
Егіздер 36 жылдан кейінгі жүздесуді 29 наурыз, өздерінің туған күніне орай ойластырған. "Бұл менің өмірімдегі ең бақытты сәт. Егізіммен бірге өмір сүретін 36 жылымды ұрлап алды", - дейді Бушнелл.
Жатақхананы аңдып, студент қыздарды зорлаған: ҚазҰУ-ды дүр сілкіндірген маньяк қалай ұсталды
Қылмыскер барлық қызды бірдей әдіспен өлтіріп, денелерін жатақхана маңына көмген
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
