Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адам ұрлап, туыстарынан 100 мың доллар талап еткен": 27 жыл бойы іздеуде болған күдікті Қазақстанға жеткізілді

27 жыл бойы іздеуде болған күдікті Белгияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

бельгия

Фото видеодан алынған

Алматының криминалдық полициясының мәліметінше, 63 жастағы қазақстандық 1997 жылы маусымда Новосибирск қаласында отандасымызды ұрлап, өлтіруге қатысқан, кезінде оны босату үшін туыстарынан 100 мың доллар өтемақы талап еткен.

Қаскөйлер бұл қылмысты адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы жасағаны анықталды.

"Тергеу барысында қылмысқа қатысушылар ұсталып, оларға түрлі жазалар тағайындалды. Сот органдарынан қашып кеткен қылмыскерлердің біріне қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, сондай-ақ мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды. Іздеудегі азамат жалған деректермен Бельгияда жасырынып жүргені белгілі болды. Алматы қалалық прокуратурасының үйлестіруімен және интерполдың көмегімен күдікті ұсталып, Алматы қаласына жеткізілді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда іздеуде жүрген педофилдің Ресейде ұсталғаны туралы жазған едік. 

Талқылау