Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбдіжаппар Әлқожаның төртінші баласы өмірге келді

Әбдіжаппар Әлқожаның төртінші перзенті өмірге келді. Бұл көпшілік үшін тосын жаңалық. Себебі, тыңдармандары әншінің отбасылы екенінен де бейхабар. Сүйінші жаңалықты әншінің досы хабарлады. 

"Құрметті ағайын, сүйінші!!! Бүгін ұлды болып жатырмыз!!! Әбдіжаппарды емес, мені құттықтасаңыздар болады. Әбдіжаппар досым осыдан бірнеше ай бұрын, "достығымыз бұдан да қатты нығыздалып, бауыр болайық" деген ниетпен келіншегім екеумізді дүниеге келетін болашақ ұлының “кіндік әкесі мен кіндік шешесі” етіп бекіткен болатын. Сол күнге де жеттік, Аллаға сансыз шүкір! Бұл шынайы достықты әрі қарай бауырластыққа жетелейтін үлкен мәні зор, мағынасы үлкен дәстүр деп ойлаймын. Достығымыз ақыреттік болсын, бауырым!🤲

Дүниеге келген кішкентай өзіңнен асып түсер алып тұлға болсын!🤲Бір-бірімізді көтеріп, әрдайым демеп жүре берейік! Кіндік әкенің міндеттері қандай? Мен бірінші рет “кіндік әке” болудамын, білсеңіздер, бөлісе кетіңіздер", - деп жазды әншінің досы Әділет Байнашаев.



Әбдіжапар Әлқожа отбасын көптен жасырын ұстайды. Кей тыңдарманы оның отбасылы азамат екенінен бейхабар болып шықты. Сондықтан олар үшін бұл тосын жаңалық. Ал әнші бір емес, төрт перзенттің әкесі атанып отыр. 

"Құтты болсын! Бауы берік болсын", "Құтты болсын, Әдөк!", "Оооооо құтты болсын досым! Өте қуаныштымын!", "Әбдіжаппардың әйелі бар екенін де білмейді екем", "Төртінші баланың әкесі атанды ма? Бұған дейін қалай жасырып келді? Құтты болсын", "Бауы берік болсын, үлкен азамат болсын", "Өзіңнен асып түскен ұл болсын", - деп жазды желі қолданушылары. 

Талқылау