"Абдырап қалды": Назарбаев биліктен кететіні жайлы хабарды Путин қалай қабылдағаны жайлы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кететіні туралы хабарды Ресей президенті Владимир Путин қалай қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бұл туралы жария салуға болмайды, мен ол туралы ешкімге айтпадым. Сол күні таңертең біздің үлкен көршіміз Владимир Путинге хабарластым, ол абдырап қалды. Оған ”Бұл туралы кешке хабарлаймын, мен сіздің өз аузымнан естігеніңізді қаладым” деп айттым. Одан басқа, мемлекет басшыларынан ешкім білмеді. Негізі мемлекетті басқарудан бас тарту туралы ой маған 2015 жылы келді", – дейді Елбасы.
Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасында көрсетілген "Штрихи к портрету. Откровение" атты деректі фильмінде денсаулығына байланысты биліктен бас тартқанын мәлімдеген еді.
“Мен ешқашан айтпаған шындықты айтқым келеді. Мен омыртқама ота жасаттым. Өте ауыр ота болды. 8 наурыз концертте отырған едік. Концерт аяқталды. Мен орнымнан тұрсам, аяғымды мүлдем қозғалта алмаймын. Бірнәрсе қысып қалған сияқты. Мен күзет офицерін шақырып, қолын таяқ сияқты ұстап алып, бір зал толған адам байқамасын деп шығып кеттім. Одан кейін тексерілген кезде омыртқамда ақау барын білдім және ота жасаттым. Қазір емделдім, барлығы жақсы”, – дейді Назарбаев.