Абай облысында бір үйдің төрт баласының өліміне қатысты тергеу басталды
Аягөзде бір үйдің төрт баласының қайтыс болуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Egovpress
Қайғылы оқиған 25 қазанда 11:00 шамасында болды. Үйден өрт шығып, бөлмелердің бірінде жиһаз бен жеке заттар жанған. Өрттің жалпы ауданы – 20 шаршы метр. Өрт сөндірушілер төрт баланың денесін тапты.
“Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамай, кәмелетке толмағандардың абайсызда өліміне әкеп соқтырғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды”, — деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сараптама тағайындалды. Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Бұған дейін Абай облысында бір үйдің төрт баласы өрт кезінде көміртегі тотығына уланып, көз жұмғаны айтылды. Кейін балалардың аттары мен олар туралы тың деректер пайда болды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"