Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аналары базарға кеткен": Абай облысында өрттен қаза тапқан 4 бала туралы тың деректер айтылды

Абай облысы Аягөз қаласында 25 қазан сағат 11:00 шамасында болған өрттен қаза тапқан балалар туралы тың ақпараттар пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: life09.kz

Абай облысының Аягөз қаласында жекеменшік үйден өрт шығып бір үйдің 8 жастағы егіздері мен олардың 3 және 2 жастағы інілері көмірқышқыл газынан уланып көз жұмған еді. 

Бұл отбасын жақсы білетін Аягөздік тұрғынның айтуынша, әкесі Бауыржан Аягөз қаласындағы Қазығұл ауруханасында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі. Ал анасы Арай Наурызбаева жұмыссыз.

"Отбасы шағын мал шаруашылығымен айналысып, сүт өнімдерін сатады. 1989 жылғы "Volkswagen Passat" көлігі бар деп Аудандық басшылар табысың көп деп мемлекеттен алып отырған АӘК кесіп тастаған. Анасы 4 балаға нәпақа болсын деп сүт сатады. Базарға жүгіріп барып келгенде құлыншақтарының орнын сипап қалған. Отбасының тұрып жатқан үйі Бауыржан Файзуллиннің ата-анасына тиесілі. Арай да, Бауыржан да ес-түссіз күйде қалды", - деді Жанар Тұрсынова.

Жергілікті Мансап орталығының мәліметінше, Арай Наурызбаева көп балалы отбасы ретінде 2021 жылы жалдамалы үймен қамтамасыз етілген. Бірақ 2022 жылы отбасы Өскемен қаласына қоныс аударуына байланысты берілген үйден өз еріктерімен бас тартқан. Қазіргі уақытта мекен-жайы бойынша Өскемен қаласында үй алу мақсатында көп балалы ана ретінде кезекте тұр.

Анасы Арай Наурызбаеваның айтуынша, күйеуі сол кезде жұмыста, өзі таңертең үйге азық-түлік алу үшін базарға шығып кеткен. Өрт болған кезде балалар үйде жалғыз қалған екен.

Оқиғаға байланысты Аягөз АПБ-не Аягөз аудандық ауханасының "103" арнасының операторы Г. Нургалиева хабарлама түсіріп, Аягөз қаласы Барақ батыр көшесі №266 мекен-жайда орналасқан үйде өрт болып, ішінен түтін шығып жатқаны туралы хабарлаған.

Хабарлама бойынша оқиға орнына бірінші жеткен учаскелік полиция инспекторы Аягөз қаласы Барақ батыр көшесі №266 үйдің ішінде болған 4 балаға көміртегі газынан (угарный газ) иіс тиіп қайтыс болғанын анықтаған.

  • Арнұр Жұмағазы, 09.04.2015 ж.т., №6 мектеп интернатының 2-сынып оқушысы.
  • Нұрасыл Жұмағазы, 09.04.2015 ж.т., №6 мектеп интернатының 1-сынып оқушысы.
  • Батыр Бауыржанұлы, 16.03.2020 ж.т.
  • Рамазан Жұмағазы 31.08.2021 ж.т.. 

Қазіргі уақытта аудан әкімі тарапынан жерлеу рәсімін көтеру, пәтер беру және қаржылай көмек көрсету қарастырылып жатыр екен. 

Талқылау