Алматыда жанжал кезінде 12 жастағы жасөспірім қатарластарының қолынан қаза тапты

10 мауысым күні Түркісіб ауданында 12 жастағы жасөспірімді қатарластары пышақтап өлтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жеткіншектің өліміне кінәлі деген күдікпен 13 жастағы жасөспірім ұсталды. Ол көз жұмған баланың танысы болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жеткіншектердің арасында дау туындап, оның соңы адам өлімімен аяқталған.
“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті арнайы мекемеге орналастырылған. Тергеу аяқталғаннан кейін оның ата-анасының жауапкершілігі мәселесі де қаралады”, – деп мәлімдеді полиция.
Қаза тапқан баланың туыстарының айтуынша, Абылайға тоғыз рет пышақ жарақаты салынған. Олар күдіктінің жасына байланысты қатаң жазадан құтылып кетеді деп алаңдап, бұл іске қоғамның назар аударуын сұрап отыр.
“12 жастағы жасөспірімді 13 жастағы балалар 9 рет пышақтады. Бала көз жұмды. Біз әділ шешім қабылданғанын қалаймыз. Бірақ бізге кінәлі балалар 14 жасқа толмағандықтан олар тек әкімшілік айыппұлмен құтылады деп айтып жатыр. Олар қарапайым мектепте оқып, ел қатарлы өмір сүреді. Ал баланы қайтара алмаймыз”, – деп жазды марқұмның жақындары.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Оқыңыз