Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"5 баласының басын қосты": Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет ұлының сүндет тойын өткізді

Атышулы жұлдызды жұп Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет ұлдарының сүндет тойы мен аналарының 70 жасын атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақбота Сейтмағамбеттің stories-і

Мейрамхана төріне экс-жұп қатар шығып, қонақтарға алғыс айтты. 

“Әжеміздің 70 жасы мен ұлымның сүндет тойын бірге өткіздік. Өте бақытты анамын. Енеме құрметім шексіз. Негізі мен бұл үйдің қызындай болып кеттім. Көбі не болып жатыр деп түсінбей жатқан шығар. Ең бастысы сізді жақсы көремін, құрметтеймін. Орныңыз бөлек, өзіңіз білесіз. Аман болыңыз! Ата-анам тірі болғанда қатар тұрушы едіңіздер! Дәурен, саған да рақмет!  5 баланың басын қосып, бауыр екенін сезіндірдің. Бұл – тағдыр. Ешкімге өкпелемеймін. Бір қаннан жаратылған балалар жау болмауы керек. Дәурен екеуіміз бөлек тұруымызға балалардың еш қатысы жоқ ”, – деп көз жасына ерік берді актриса. 



Сонымен қатар Ақботаның енесі келініне алғыс айтып, батасын берді. 

“Мен Ақботаны қалай жек көремін?! Қалай жамандаймын?! Дәуреннің алдында Жомарт деген ұлым болды. Алла 24 жасында алды. Ақбота маған Жомартымнан аумайтын Ибрагимді сыйлады. Ол қара бала еді, немерем аппақ. Айырмашылығы сол ғана", – деді әншінің экс-енесі. 

Тойда қазақ эстрадасының жұлдыздары Әбдіжаппар Әлқожа мен "Алатау серілері" тобы ғана төбе көрсеткен. 

  Фото: Ақбота Сейтмағамбеттің stories-і

Еске салайық, 2016 жылы Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбеттің махаббаты басталған еді. Алайда жұп екі балалы болғаннан кейін, ресми ажырасқан.

Талқылау