Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 46°с ыстық тіркелді: 30 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

Қазақстанда 30 жыл бұрынғы болған аптап ыстықтың рекорды жаңарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің айтуынша, жаздың бірінші айында еліміздің батысы, сондай-ақ республиканың оңтүстік өңірлері субтропикалық ауа массаларының әсерінде болып, аптап ыстық тіркелді. Жекелеген күндері термометрлер апаттық гидрометеорологиялық құбылыстың (АГҚ) өлшемдеріне жетіп (аномалия 6-9° с құрады) +40+46°с-қа дейін жетті, осылайша елдің оңтүстік-батыс жартысындағы бірқатар метеостанцияларда тәуліктік рекордтар тіркелді: Орал метеостанциясында 29 маусымда температура +41,9°с құрады, бұл 2015 жылғы ең жоғарғы мәннен (+39,8°с) асып түседі.

Аққұдық метеостанциясында 29 маусымда +44,4°с тіркелді, бұл 2018 жылғы абсолюттік максимумнан (+43,3°с) асып түседі. Атырау метеостанциясында 28 маусымда +42,8°С болды, бұл 2015 жылғы рекордтық көрсеткіштен (+39,8°с) жоғары.



Қаратөбе метеостанциясында (Батыс Қазақстан облысы) 29 маусымда ауаның ең жоғары температурасы +45,5°с-қа дейін жетті, бұл 1991 жылғы аптап ыстықтан (+41,2°С) асып түседі.

Елдің шығыс жартысында, керісінше, Солтүстік теңіз аудандарынан келген салқын ауа массаларының әсер етуі нәтижесінде салқын және тұрақсыз ауа райы басым болды, жаңбыр жауып, екпінді жел 15-28 м/с дейін жетті, ал жекелеген аудандарда жел екпіні АГҚ өлшемдеріне жетіп, 30-33 м/с болды (Алматы облысының Достық метеостанциясы, Жамбыл облысының Ұланбел метеостанциясы).

3 маусымда Ақмола облысының Қорғалжын метеостанциясында 53 мм жаңбыр (бір айдағы норма бойынша 34 мм) жауды, Алматы облысының жалаңаш метеостанциясында көлемі бойынша АГҚ өлшеміне жеткен, диаметрі 22 мм бұршақ түсті.

Ал Қазақстанның солтүстігінде 5-6 маусым аралығында 1-2°С-қа дейін кештетілген үсік жүріп, күндізгі уақытта термометрлер +11+19°С белгісіне дейін ғана көтерілді. 

Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына қатысты рекордтар тіркелмеді, алайда елордада 5 маусымда ең төменгі ауа температурасы тіркеліп, +2.9°с құрады, бұл күнгі абсолюттік минимум -1,5°с (1971 жылы тіркелген), ал ең жоғары ауа температурасы 2021 жылғы 17 маусымында болған және +34.2°с құраған, бұл күнгі абсолютті максимум +37,6°с (1988 жылы тіркелген). Жауын-шашын бір айда 21,4 мм (нормадан 58%), бір айдағы норма 37 мм болды. 

Талқылау