Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 1975 жылғы жағдай қайталанып жатыр: Құрғақшылық апатын қалай алдын алуға болады?

2021 жыл Қазақстан малшылар үшін апатты жыл болуы мүмкін. Мал өлімі Маңғыстау және Қызылорда облыстарына әсер етпей қоймады, Жамбыл және Алматы облыстарының фермерлері де дабыл қағуда.

“Суық әрі ұзаққа созылған көктем, жауын-шашынға сараң, құрғақ жаз салдарынан жайылымдар мен шабындықтарда шөп бой көтермей, күн ыстығына жұтап, бірден қурап кетті”, – деп жазды Қазақстан Ет одағының төрағасы, Қазақстанның бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Ол азық-түліктің жетіспеушілігінен фермерлер жаппай малды сатып, тіпті сойып тастайды деп қауіптеніп отыр. Ал мал басының азаюы жақын арада мал шаруашылығы өнімдерінің (ет, сүт, май) барлығының бағасының өсуіне әкеледі.

“Мұның артында бағалардың тұрақты өсуі (мал шаруашылығында мал басы тез өспейді) ғана емес, шағын бизнестің жаппай банкрот болып жабылуына, жұмыс орындарының қысқаруына, мыңдаған отбасының табыссыз қалуына әкеледі”, – деп есертті Мамытбеков.

Ол өз сөзінде 1975 жылғы Қазақ КСР-дің оңтүстік аумақтарында қуаңшылық орнаған кезді еске алады.

1975 жылы құрғақшылықпен күрес бүкілхалықтық сипат алды. Ауыл жұмысшыларына ондаған мың қала тұрғыны көмекке келді. Адамдарды машиналар жүре алмайтын жерге шөп шабуға жіберді. Қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында зейнеткерлер, студенттер, оқушылар саябақтар мен скверлерде шөп дайындады. Көл мен батпақтарда қамыс шабатын.  Бұтақтар, жүзім, қылқан өңделіп, жануарлар мен құстарды тамақтандыруға арналған түйіршіктер мен ұнға айналып отырған. Жем-шөп қоры ретінде қызылша, картоп, қызанақ, күнбағыс сабағы пайдаланылды.

Сол жылдағы апатты жағдай жайлы Stan.kz журналисіне елдің алғашқы премьер-министрі Сергей Александрович Терещенко айтып берді.

“1975 жылы Қазақстанның сегіз облысында: Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақтау, Атырау. Орал облыстарында (ол уақытта Гурьев) ел тарихындағы ең үлкен құрғақшылық болды. Көктемнен бастап бір тамшы жауын жауған жоқ, таяз су ғана болды. Қазір дәл осындай көріністің Оңтүстік және Батыс облыстарда орнағанын көріп отырмыз. Әсіресе Маңғыстау, Ақтөбе облысының жартысы Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында ірі жем-шөппен қамтамасыз етілу жағдайы аса қиын”, – дейді Терещенко. 

Айтуынша, 1975 жылы әрбір облыста оперативті штаб құрылған. Әр ауылдық жер мен өңірде жауапты адамдарды анықтап, не істеуге болады, қандай шаралар қолдануға болады, жемнің қай түрі керек екені белгіленді. 



“Ел 11 миллион тонна ірі жем-шөп, 9 миллион тонна сүрлем,  3 миллион тоннаға жуық сабан дайындады. Барлығы жабылып, көкөністер, бақша жемістерін, шыбықтарға дейін бәрін жинады. Оның ішінде зейнеткерлерге дейін, жұмыс істей алатын адамдардың бәрі осыған қатысты”, – дейді ол.

Оның сөзінше, сол жылдары әр облыста оперативті штаб құрылған және қазір де осындай әдіс актуалды болар еді. 

“Меніңше, қазіргі орнаған құрғақшылық – жалпыхалықтың іс деп айтар едім. Мал басының қырылып қалу қауіпі тұр. Себебі жылдың соңында еттің бағасы бірден көтеріліп кетеді, ол әрине, ешкімді қуантпасы анық”, – дейді ол. 

Өз кезегінде Асылжан Мамытбеков үкіметке бірқатар шаралар қабылдау қажеттігі жайлы айтты:

Үкімет пен әкімдіктерге бұл мәселе мал шаруашылығымен айналысатындардың басына түскен іс емес екенін түсіндіру қажет, дейді ол. Мамытбеков мынадай шараларды қолға алу қажеттігін атап өтті:

  • қолданыстағы несиелердің мерзімін ұзарту және қайта құрылымдау;
  • азық сатып алуға мұқтаж фермерлерге қолайлы шарттармен жаңа несиелер мен уақытша қаржылай көмек тарату;
  • астық өсіретін өңірлерде дәнді дақылдарды ору кезінде сабан жинау бойынша жұмысты ұйымдастыру (биыл сабанды әдеттегідей сабан ұсақтаушы машиналармен алқаптарға тастамай, жинап алу керек);
  • мүмкіндігінше шөпке мұқтаж фермерлерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда: ұлттық парктер, қорықтар, орман шаруашылығы кәсіпорындары, жабайы табиғат қорықтарында және басқа да ерекше қорғалатын жерлер;
  • ой, қырдағы, өзен мен көлдердің маңында малға азық бола алатын шөп-шалаңның бәрін ору жұмысын ұйымдастыру;
  • жеке қосалқы шаруашылықтарды қысқа мал азығын жинауға көмектесу жолдарын табу;
  • жем-шөп дайындау үшін жеңілдікпен берілетін жанармай мәселесін шешу;

Мамытбеков жем-шөптің жоқтығы тек мал шаруашылығымен айналысатын адамдардың емес, ел үкіметінің мәселесі екенін түсінуге шақыруда. 

Талқылау