AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Малдың өлімі мен егін шықпауы бағаның 40%-ға өсуіне әкеледі: Қазақстанның алты облысына құрғақшылық қауіпі төніп тұр

Қазақстанға қуаңшылық қауіпі төніп тұр. Әсіресе егіс алқаптары орналасқан өңірлерде ыстық ауа райы күтіледі. Бұл Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстары. Синоптиктердің болжамы бойынша, фермерлер мен аграрлық қызметкерлерге ғана емес, экономистерді де алаңдатты. Себебі құрғақшылық егінді жойса, онда бұл экономика мен тұтынушылар үшін қиын жағдайға әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Маусым айында Қазақстанның алты облысында құрғақшылық болады деп күтілуде. Жауын-шашын аз болады, сондықтан өсімдіктерге ылғал жеткіліксіз болу қауіпі бар.

"Қазгидромет" мәселе бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігін ескертті. Қатты құрғақшылық Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы жағдайды ушықтыруы мүмкін, онда мал азығының жетіспеуінен екі мыңға жуық бас қырылды. Депутаттар тіпті онда төтенше жағдай жариялауды ұсынды.

Экономист Меруерт Махмутова малдың өлімі мен егіннің жетіспеушілігі бағаның 40%-ға өсуіне әкеледі деп санайды. Жыл соңына дейін осыны бәрі сезінеді дейді ол.

“Мұның нәтижесі бағаның өсуі болады. Қазір Ресей қарақұмық экспортына тыйым салды, бұл бағаның өсуіне әкеледі. Қарақұмық жармасын өзіміз де өндіре алар едік, бастысы – оны сыртқа шығармау. Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы қуаңшылыққа дайын екендіктерін мәлімдейді”, – дейді маман.

Фермерлер егінді өз еркімен сақтандыра алады. Егер жүйе қатты ыстықты тіркесе, онда сақтандыру компаниясы төлемдер жасайды. Шенеуніктер қуаңшылыққа бейім Абай өңірінде егіс жоқ, тек жайылымдар ғана екенін айтады.

“Біз жем-шөп егілмеген өңірлерді жем-шөп бар басқа аудандардан алып қамтамасыз етеміз. Қарақұмық, бидай және майлы дақылдар бойынша бізде тапшылық болмайды, бірақ бағаның өсуі болжануда”, – ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Ертай Қуанбаев.


"Құр майға макарон пісіріп жейміз": Картоп пен сәбіздің қымбаттағаны қазақстандықтарға қалай әсер етті? 


Қазақстан фермерлер қауымдастығында да әзірге қорытынды жасауға асығар емес. Олар шілде айындағы ауа-райы көкөністер мен дәнді дақылдардың өнімділігі үшін маңызды деп санайды.

Қазақстан фермерлер қауымдастығының атқарушы директоры Ақпар Мәуленов күзгі егіс жұмыстары енді ғана басталғанын жеткізді.

“Ыстық болса да, жер әлі де ылғалды сақтайды. Егер жаңбыр жауса бәрі де қалпына келеді. Егер ыстық болса, онда бұл жақсылықтың белгісі емес”, – дейді ол.

Экономист осындай проблемалар жыл сайын туындап келе жатқанын айтады. Мұның себебі - ауыл шаруашылығын тиімсіз басқару, дейді Меруерт Махмутова.

Сұраныс әрдайым фермерлерден келеді, бірақ олардың суару және тұқым қоры үшін айналым қаражаты жоқ. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тиімділігін арттыру үшін ауыл тұрғындарын жермен және мемлекеттік субсидиялармен қамтамасыз ету қажет, деп есептейді сарапшы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр