Қазақстанда доллар бағамы тоқтаусыз өсіп жатыр
17 маусымда доллардың ресми бағамы 450,79 теңге болды. Оралдағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта 452-453 теңгеден сатып алынса, 456-457 теңгеден сатылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: mgorod.kz
Керісінше, еуро бағамы біртіндеп төмендеп келеді. Мәселен, айырбастау орындарында еуроны сатып алу 479-480 теңге, ал сату 486-487 теңге аралығында. Бұл ретте 17 маусымдағы жағдай бойынша еуроның ресми бағамы 482,21 теңге болды.
Ұлттық банк белгілеген Ресей рублінің бағамы Оралдағы айырбастау орындарында 4,97 теңгеден сатып алынып, 5,06 теңгеден сатылып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Президент телерадиокешені жариялаған “Қайтарылады” деректі фильмінде Бас прокуратура жанындағы активтерді қайтару комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков қазақстандықтың мүлкіне “түсініксіз байлық” мәртебесі беріліп, ол 11 миллион доллар ақшаны мелекетке қайтаратыны туралы айтқан еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған