Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемде долларлық миллионерлер саны артқан

2023 жылы әлемде долларлық миллионерлердің байлығы ұлғая түскен. Бұл ақпарат Capgemini компаниясының World Wealth Report-тың жыл сайынғы есебінде көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Интерфакс" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Деректерге сенсек, олардың жиынтық байлығы 4,7% өскен. Осылайша, олардың жалпы капиталы рекордтық 86,79 триллион долларға жеткен.

Статистикаға сенсек, байлығы ең көп өскен миллионерлер Солтүстік Америкада. Олардың байлығы 7,2% (27,5 триллион долларға дейін) өскен. Одан кейін Азиядағы ауқатты адамдардың капиталы 4,2% (25,7 триллион долларға дейін) өскен.

Бұл рейтингте Еуропада 3,9 пайыз (18,9 триллион долларға дейін), Таяу Шығыста 2,9 пайыз (3,5 триллион долларға дейін) және Латын Америкасында 2,3 пайыз (9,4 триллион долларға дейін) өскен.



Ал Африкада миллионерлер пайызы керісінше 1%, 1,8 триллион долларға дейін төмендеген.   

Бұл ретте, өткен жылдың қорытындысы бойынша ауқатты адамдардың саны 5,1 пайыз өсіп, 22,828 миллион адамға жеткен.

Сонымен миллионерлер санының ең елеулі өсімі:

  1. Солтүстік Америкада;
  2. Азияда;
  3. Еуропада тіркелді.
Талқылау