+45 градусқа дейін: Қазақстанда алдағы күндері аптап ыстық күтіледі
“Қазгидромет” Қазақстан бойынша 2022 жылдың 25-27 маусымына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік-батыс циклонының терең жырасы және онымен байланысты фронтальді бұлттылық алқаптары өзімен бірге қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, қатты жел мен бұршақты ала келеді. Тек еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлері ғана скандинавиялық антициклон жотасының әсерін сезінеді. Осылайша бұлт азайып, жаңбыр тоқтайды. Ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Күндіз ауа температурасы келесідей болады деп күтіледі: батыста +25, +35С, солтүстікте +25, +33С, орталықта +30, +37С, шығыста +27, +37С, оңтүстікте – +40+45С.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"